Мәжіліс депутаттарының сайлауына әзірге тек «Нұр Отан» партиясы ғана үміткерлерін ұсынды -ОСК

None
None
АСТАНА. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында аталмыш комиссия төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов 30 қарашада ОСК-ға «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының партиялық тізімі ұсынылғандығын мәлім етті.

Қазір тізімге енгізілген депутаттықтан кандидаттыққа үміткерлердің Конституция мен сайлау туралы конституциялық заң талаптарына сәйкестігіне тексеру шаралары жүріп жатыр. «Басқа саяси партиялар Орталық сайлау комиссиясына тізімдерін ұсынған жоқ. ОСК бекіткен күнтізбелік жоспарға сәйкес, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауында депутаттыққа кандидаттықтан үміткерлерді ұсыну 5-ші желтоқсанда аяқталады»,-деді қ.Тұрғанқұлов.

Соңғы жаңалықтар
telegram