Мәжіліс депутаты Ермұханбет Омаров: Биоотын өндірісінің азық-түлік қауіпсіздігіне әсер етпейтін мөлшерде дамуын әр кезде естен шығармауымыз керек

АСТАНА. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Мамырдың 27-сі күні өткен Мәжілістің жалпы отырысында «Биоотын өндірісі және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда талқыға түсіп, мақұлданды.
None
None
Енді Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитеті заң жобасын екінші оқылымға дайындайды. Заң жобасының мақсаты ? биоотын өндірісін және айналымын дамыту, биоотын өндірісі кезінде мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін реттеу, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау. ҚазАқпарат тілшісіне берген шағын сұхбатында Мәжіліс депутаты Ермұханбет Омаров аталған заң жобасы туралы өз ойларымен бөлісті.? Ермұханбет Омарұлы, Мәжіліс қабырғасында қызу талқыланып жатқан биоотынға қатысты заң жобасы туралы сіздің пікіріңіз қандай? Биоотын өндірісін дамыту елімізге не береді? Әлемнің қандай танымал елдері биоотынды пайдаланады? ? Өзіңіз білесіз, заң жобасы бірінші оқылымда ұзақ талқыланды. Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев заң жобасы туралы баяндама жасады. Әріптестерім министрге сұрақтар қойып, одан кейін өз пікірлерін ортаға салып, сөз сөйледі. Мен де өз ойымды айттым. Қазіргі кезде энергияның басты көзі мұнайдан алынатын өнімдер екені белгілі. Мұнай өнімдерін пайдаланудың жыл сайын өсе түсуіне байланысты ауаның улы газдармен, ауыр металдармен және күкіртпен ластануы еселеп ұлғаюда. Үлкен қалалардың, оның ішінде Алматының экологиялық жағдайы мүлдем нашарлап барады. Оның адам денсаулығына кері әсерін айпаса да түсінікті. Қоршаған ортаның экологиялық тұрақтылығын сақтау мақсатында әлемде қарқынды қалыптасып келе жатқан саланың бірі ? биоотын өндіру және пайдалану болып табылады. Көптеген елдер өздерінің биоотын өнеркәсібін құру және дамыту бағытындағы ұлттық бағдарламаларын қабылдады. Отынның балама түрлерін игеру ұлттық қауіпсіздікті нығайту шеңберіндегі іс-шаралар ретінде қарастырылуда. АҚШ-та, Бразилияда, Еуроодақта ондаған биоотын өндіретін зауыттар жұмыс істеуде. Бұл елдерде жанармайдағы биоотынның үлесін реттейтін арнайы заңдар қабылданған. Биоотын өндіруге кейінгі жылдары Украина, Ресей және Беларус елдері де бет бұруда.? Ал Қазақстанда биоотын өндірісі қалай бастау алуда? Қандай кәсіпорындар бар? ? Біздің еліміз де бұл істен тыс қалған жоқ. Алғашқы биоотын өндіруші «Биохим» компаниясы және «БМ» ЖШС жұмыс істеп жатыр. «Биохим» компаниясының қуаты жылына 220 мың тоннаға дейінгі дәнді өңдеу арқылы 57 мың тонна биоэтанол өндіреді. Сарапшылардың есебі бойынша Қазақстанның ішкі рыногында жылына 5 млн. тоннадан астам бензин және дизель отыны тұтынылады екен. Осы көлемге араластыру арқылы экологиялық сапасы жоғары жанармай алу үшін 250 мың тонна биоотын қажет көрінеді. Ауыл шаруашылығын өркендетудің индустриялық бағытын ұстап отырған біздің еліміз үшін биоотын өндірудің маңызы өте зор. Биоотынға деген әлемдік сұраныс та өте жоғары, осы саланы дамыту және қосымша құнның өсуі арқылы ауыл шаруашылығы кешенінің пәрменді дамуына жол ашылатыны сөзсіз. Биоэтанол өндірісін дамыту үшін негізгі шикізаттарды талдай келе, қазіргі жағдайда назар аударатын дақыл ? жазғы жұмсақ бидай. ? Сіздің заң жобасына байланысты келіспейтін тұстарыңыз қайсы? ? Биоотын өндірісінің азық-түлік қауіпсіздігіне әсер етпейтін мөлшерде дамуын әр кезде естен шығармауымыз керек. Содан болар жалпы отырыста және жұмыс тобының отырыстарында биоотын өндірісінің азық-түлік қауіпсіздігіне әсер етпеу үшін квота белгілеуге, сондай-ақ үшінші сұрыпты (класс) бидайды биоотын өндірісіне пайдалануға тыйым салуды көп талқыладық. Жаздық бидай ? негізгі экспорттық дақыл, сапасы өте жоғары, әлемдік рыноктағы сұраныс та үлкен. Дегенмен де жаздық бидайдың белгілі бір бөлігін, орта есеппен жалпы өнімнің 8-10 пайызы (1 млн. тонна), сапасы төмен 4-5-ші сұрыпты немесе сапасыз бидайды азық-түлік қауіпсіздігіне ешқандай қатерсіз биоэтанол өндіруге бағыттауға болады. Өкінішке қарай, Аграрлық комитет өзінің отырысында жұмыс тобындағы депутаттардың шешімін елемей, үшінші сұрыпты бидайды биоотын өндірісіне пайдалануға шешім қабылдап, осы жалпы отырысқа ұсынып отыр. Естеріңізге салайын, үшінші сұрыпты бидай республикамыздағы жыл сайын өндірілетін бидайдың 75-80 пайызын құрайды. Сонда қалай болғаны ? квотаны алып тастасақ, бидайдың барлық түріне рұқсат берсек, артынан нан тағамдарына, басқа азық-түлікке баға өсе бастаса, кім жауап береді?! Сондықтан биоотынды бидайдан ғана өндіруге болады деген ұстаным дұрыс емес деп есептеймін. Есесіне биоотын өндірісі үшін маңызды майлы дақылдың бірі ? рапс. Солтүстік аймақтарда оның егіс көлемін 1 млн. гектарға жеткізуге болады. Рапспен қатар биодизель өндіруге қыша (горчица) дақылының тиімділігін айта кеткен жөн. Оның өнімділігі Қазақстанның көптеген аймақтарында рапсқа қарағанда жоғары, құрғақшылыққа төзімді және ерте піседі. ? Сіздің қандай ұсынысыңыз бар? ? Осы жағдайларды ескере отырып, менің ұсынысым Үкіметтің биоотын өндірісінің азық-түлік қауіпсіздігіне әсер етпеу үшін үшінші сұрыпты бидайға квота белгілеуі керек деп есептеймін. Заңнамада квота енгізу баптары болған ды. Бірақ онда 1-2 сұрыпқа тыйым салынады, ал қалған бидайдың сұрыптарына квота белгіленген болатын. Бүгінгі жалпы отырысқа аграрлық комитет барлық квотаны алып тастап бізге ұсынып отыр. Бұл түбегейлі дұрыс емес деп есептеймін. Екінші оқылымға дейін бұл олқылықты түзетуіміз керек. Осы жаңа саланың дамуын реттейтін заң жобасын бірінші оқылымда қолдауларыңызды сұраймын. Бұл заң жобасы ауыл шаруашылығының экономикалық тиімділігін нығайтуға арналған игі шаралардың бірі болатыны анық. Биоотын өндіру және қолдау аясын ұлғайту қоршаған ортаның экологиясын жақсартуға бағытталған келешегі зор, маңызды және табысы мол көлемді шаралардың қатарына жатады деп есептеймін.? Рақмет әңгімеңізге.
Соңғы жаңалықтар
Референдум