Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов Аягөз қаласының тұрғындарын өз өтініштері бойынша қабылдады

АСТАНА. Желтоқсанның 2-сі. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов Шығыс Қазақстан облысындағы Аягөз қаласында болып,
None
None

«Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында бірқатар азаматтарды өз өтініштері бойынша қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәжіліс депутаты, «Нұр Отан» ХДП Саяси Кеңесінің Бюро мүшесі Нұртай Сабильянов Аягөз қаласындағы №2 мектепке барып, ұстаздар қауымымен жүздесті. Кездесу барысында сайлаушылар тарапынан депутатқа халықты тұрғын-үймен қатмасыз ету, қаладағы бала-бақша, мұғалімдердің еңбекақысы, әлеуметтік жәрдемақылар туралы, білім саласына, қаланың және ауданның басқа да әлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты сұрақтар қойылды. Депутат сұрақтарға жауап бере келіп, еліміздің әдеуметтік-экономикалық жағдайы туралы, Мемлекет басшысының бастамалары жайлы айтып берді.

Аягөз қаласында халықпен болған кездесуде аудан әкімі Н.Әзімбаев қатысып, ұстаздар қауымы көтерген бірқатар сұрақтарға жауап берді. 

Соңғы жаңалықтар