Мәжіліс депутаты Р.Халмұрадов А.Бараниді Венгрияның Қазақстандағы Елшісі қызметіне тағайындалуымен құттықтады
Жүздесуде ең алдымен депутат Р.Халмұрадов мәртебелі елші А.Барани мырзаны Венгрияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалуымен құттықтап, табыс тіледі және ол екі арасындағы саяси, экономикалық, мәдени-ізгілік байланыстарды кеңейте түсетініне сенім білдірді. Бұдан бөлек, депутат қазақстандық Парламенттің қызметі мен ұлтаралық және конфессияаралық келісімдердің қазақстандық моделі туралы әңгімелеп берді.
Өз кезегінде Елші Қазақстанның аймақаралық және ғаламдық мәселелердің шешімін табуға қосып жатқан үлесін айта келе, бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселелеріне айрықша тоқталды. Ізгілік жолындағы істерді тұрақты өркендету мен шешудегі Қазақстанның жетістіктеріне тәнті екенін жеткізді. Бұдан бөлек, А.Барни Венгрия «ЭКСПО-2017» мамандандырылған халықаралық көрмесіне қатысуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
Сонымен қатар, кездесуде тараптар Қазақстан мен Венгрия арасындағы парламентаралық дипломатиялық байланыстардың рөлін арттырудың қажеттілігіне де тоқталды. Жүздесуге Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі Андрей Бегенеев те қатысты.