Мәжіліс депутаты «Семей таңы» газетін 90 жылдық мерейтойымен құттықтады

СЕМЕЙ. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Бүгін Семей қаласында Мәжіліс депутаты Ерболат Әпсалямов облыстық «Семей таңы» мен «Вести Семей» газеттерінің ұжымдарымен жүздесті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Дөңгелек үстел басында болған басқосуда депутат журналистерге бүгінгі таңдағы Үкімет пен «Нұр Отан» ХДП-ның басшылығы тарапынан дағдарысқа қарсы атқарылып жатқан іс-шаралар жөнінде әңгімелеп берді. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысына жасаған іс-сапарының мақсаты туралы, Семей өңіріндегі тұрғындармен өткізген кездесулерде көтерілген мәселелер жайлы айтты.Кездесуде негізінен ҚР Парламенті Мәжілісінің заң шығарушылық қызметі, еліміз бен аталған өңірдің экономикалық дамуы, тұрғындарды әлеуметтік қорғау мәселелері қозғалды. Депутат журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді және де бірқатар мәселелерді шешуге ықпал ететінін мәлім етті. Өз кезегінде БАҚ өкілдеріне осы өңірдің әлеуметтік маңызы зор проблемаларын айқын көрсету жөнінде пікір білдірді.Кездесудің соңында Мәжіліс депутаты Е.Әпсалямов «Семей таңы» газетін 90 жылдық мерейтойымен құттықтады. Биыл бұл басылым өзінің алғашқы саны шыққанына 90 жыл толуын атап өтеді. Ұжымға шығармашылық табыс тілеген парламентші редакцияға Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы» кітабын сыйға тартты.
Соңғы жаңалықтар