Мәжіліс депутаты Түркістан тұрғындарымен кездесті

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Байділдә Жылқышиев Түркістан қалалық мәслихат депутаттарымен және тұрғындарымен кездесті. Басқосуда депутат Парламент қабырғасында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Мемлекет басшысының ағымдағы жылы қабылдаған маңызды құжаттары туралы сөз етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.
None
None

Жиынға қатысқандар «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласынан туындайтын міндеттер жөнінде ойларын ортаға салды. Осы бағытта кешенді шараларды іске асыру үшін жұмыла жұмыс істеу керектігін атап өтті.

Өз кезегінде тұрғындар депутатқа өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, кей мәселелердің шешілуіне ықпал етуді сұрады. Айтылған проблемалардың дені жастар тәрбиесі мен жақында ғана өзгеріске ұшыраған ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты болды. Ал, қалалық мәслихат депутаттары ұсыныс-пікірлерін айтып қалды. Мәжіліс депутаты Байділдә Жылқышиев кездесуде көтерілген проблемалардың шешу жолдарын қарастыруға уәде етті.

Соңғы жаңалықтар