Мәжіліс депутаты Владимир Бобров балалар интернатында өткізілген Наурыз мерекесінде болып қайтты

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 24 наурыз. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының Қашыр ауданындағы 65 бала тәрбиеленіп жатқан интернатта өткізілген Наурыз мерекесінде құрметті қонақ ретінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Владимир Бобров болып қайтты.

Мәжіліс депутаты Владимир Бобров балалар интернатында өткізілген Наурыз мерекесінде болып қайтты

Балалар халық әндерін шырқап, балалар айтысын ұйымдастырып, мерекелік дастархан жайды.

В.Бобров қазақ салтын білуге арналған викторинаға қатысып, Наурыз көженің құрамында не бар деген сауалға еш мүдірмей жауап берді.

«Интернат тәрбиеленушілері қоғамды мықты байланыстырып отырған қазақ тілін, халқының мәдениеті мен дәстүрін жақсы меңгерген екен», - деп атап өтті Мәжіліс депутаты.

В.Бобров балаларға компьютер мен волейбол доптарын берсе, ал олар ұлттық тақия сыйлады.