Мәжіліс депутаты, жазушы Жарасбай Сүлейменовтың шығармашылық кеші өтеді

АСТАНА. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Шілденің 10-ы күні Петропавл қаласында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, жазушы-журналист Жарасбай Сүлейменовтың шығармашылық кеші өтеді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жарасбай Сүлейменов бүгін 60 жасқа толып отыр. Ол  Солтүстік Қазақстан облысының  Шал ақын ауданына қарасты Балуан ауылында дүниеге келген. Петропавл педагогика институтын тәмамдаған.

Солтүстік Қазақстан облыстық газетінде еңбек жолын бастаған Ж.Сүлейменов облыстық телекомпания мен радиосында қызметтер атқарған. Облыстық «Солтүстік Қазақстан» газетінің бас редакторы болды.

2007 жылы «Нұр Отан» ХДП-ның тізімі бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды.

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Көмескі із», «Еменнің иір бұтағы», «Сөнбейтін шырақ» деп аталатын кітаптардың авторы.

Ж. Сүлейменов - Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, екінші дәрежелі «Достық» орденімен, екі медальмен марапатталған, Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы.

Соңғы жаңалықтар