Мәжіліс халықаралық көлік жүйесіне ықпалдасуға бағытталған екі келісімді мақұлдады
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталған келісімді ратификациялау арқылы Қазақстан халықаралық тасымалдау көлемін ұлғайтуға, көлік шығындарын қысқарта түсіп, жолаушыларды және жүктерді әкелу мерзімдерін қамтамасыз ете алады. Бұдан бөлек, келісім арқылы көлік жұмысының энергетикалық және экологиялық көрсеткіштерін халықаралық стандарттарға жақындату, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жол-көлік кешенін халықаралық көлік жүйесіне ықпалдастыру қажеттілігі арта түседі.
Қазіргі күні осы Келісімге әлемнің 43 мемлекеті қосылған. Сондай-ақ, келісім жол қозғалысы қауіпсіздігі саласында біркелкі талаптарды қабылдауға, экологиялық қауіпсіздіктің неғұрлым жоғары деңгейін қамтамасыз етуге және еліміздің көлік-транзит әлеуетін одан әрі дамытуға бағытталған.
Бұдан бөлек, Мәжіліс депутаттары «Дөңгелекті көлік құралдарын мерзімді техникалық бақылауға арналған біркелкі талаптарды қабылдау туралы және осындай байқауларды өзара мойындау туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын да мақұлдады.
27 еуропалық мемлекет қосылған бұл келісім дөңгелекті көлік құралдарын мерзімді техникалық тексеруге арналған біркелкі талаптарды қабылдауға және осындай тексерулерді Келісімге қосылған мүше-мемлекеттердің тануына бағытталады.