Мәжіліс Кеден кодексі туралы шартты мақұлдады

аусымның 3-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Кеден одағының Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған заң жобасының мақсаты Кеден одағы аумағындағы кедендік реттеулерді қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен бірге, құжат бойынша Кеден одағы мүшелерінің құзіреті, құқығы мен міндеттері айқындалады. Бұл ретте Одаққа мүше елдердің құқығын қорғау қызметтері, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызмет бойынша қатысушылардың міндеттері қарастырылады.

Бұдан бөлек, заң жобасымен сыртқы экономикалық қызмет барысындағы бірегей тауар номенклатураларын қалыптастыру, тауарлардың шыққан елін анықтау мен олардың кедендік құны, кедендік төлем түрлері және олардың қолданылу тәртібін реттеу көзделеді. Сонымен қатар, Кеден одағының кедендік аумағына халықаралық тауарлар мен жолаушыларды, жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру барысындағы халықаралық тасымал көлігінің барлық түрлеріне уақытша кіргізу немесе шығару тәртіптері бекітіледі.

Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Парламент Сенатына жіберіледі.

Соңғы жаңалықтар