Мәжіліс Кеден одағы аясында біріккен алқа құру туралы заң жобасын мақұлдады

Аталған шарт 2011 жылғы 22 маусымда Мәскеуде жасалған.
Кеден одағына мүше мемлекеттер арасындағы аталған шартқа сәйкес кеден қызметтерінің біріккен алқасын құру көзделеді. Біріккен алқаны тараптардың кеден қызметтері басшыларының арасынан жасақталған алқа мүшелері сайлайтын төраға басқарады. Оның жұмыс тәртібі біріккен алқаның қарау қорытындылары бойынша төраға бекітетін рәсім қағидалармен айқындалады.
Сондай-ақ, Кеден одағы аясында құрылатын алқаның негізгі міндеттері тараптардың кеден қызметтерінің қызметін үйлестіру, кеден ісі мәселелері бойынша Кеден одағының бірыңғай құқықтық базасын қалыптастыруға қатысу болып табылады. Бұдан бөлек біріккен алқа кедендік бақылауды ұйымдастырудың біріздендірілген тәртібін қамтамасыз етуді Кеден одағы аумағында кеден саясатын іске асыруға жәрдемдесуді қарастырады.