Мәжіліс комитеті 2010-2012 жылдарға арналған бюджет жобасына қарашаның 3-іне дейін қорытынды әзірлейді
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджеттің негізгі өлшемдері Үкіметте талқыланып, бюджеттің негізгі параметрлері Мемлекет басшысына ұсынылған болатын. Бюджет жобасында Елбасының азаматтарды әлеуметтік қорғау, «Жол картасын» жүзеге асыру, дағдарысқа қарсы шаралар және перспективалы инфрақұрылымдық жобалар бойынша тапсырмалары ескерілген. «Бұл бюджет - дағдарыс кезеңіндегі бюджет. Сондықтан да Мемлекет басшысының тапсырмаларында жүктелген әлеуметтік жобалардан басқа біршама қысқартулардың орын алуы заңды», деді Г. Қарағұсова журналистерге берген сұхбатында.
Сонымен бірге, қарашаның 3-інде Комитет бюджет жобасының ілеспе құжаты болып табылатын «ҚР Ұлттық қорынан 2010-2012 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» жобасы бойынша да қорытынды әзірлейді.