Мәжіліс: «Нұр Отан» ХДП фракциясы Үкіметтің дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру бойынша шаралардың орындалуы туралы есебін тыңдауды жоспарлап отыр

АСТАНА. Қаңтардың 8-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -«Нұр Отан» ХДП фракциясы Үкіметтің 2009 – 2010 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы бірлескен іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру бойынша іс-шаралардың орындалуы туралы есебін тыңдауды жоспарлап отыр.
None
None
Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында сөз сөйлеген Мәжіліс Төрағасы Орал Мұхамеджанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Нұр Отан» партиясының фракциясы Үкімет мүшелерінің есебін ұдайы тыңдауға, кемшіліктерін сынға алып, партияның сайлау алды тұғырнамасының орындалу барысын үнемі бақылап отыруға тиіс. Осыған орай «Нұр Отан» ХДП фракциясы қаңтар айының ішінде Үкіметтің, Ұлттық банктің және Қаржылық қадағалау агенттігінің экономика мен қаржы секторын тұрақтандыру жөніндегі 2009 ? 2010 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы бірлескен іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру бойынша іс-шаралардың орындалуы туралы Үкіметтің есебін тыңдауды жоспарлап отыр», деді О. Мұхамеджанов.
Соңғы жаңалықтар