Мәжіліс радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу қауіпсіздігіне бағытталған заң жобасын мақұлдады

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталған конвенцияға 1997 жылы қыркүйек айында қол қойылған. Конвенцияның негізгі мақсаты ұлттық шараларды және халықаралық ынтымақтастықты, оның ішінде тиісті жағдайларда қауіпсіздік саласындағы техникалық ынтымақтастықты нығайту жолымен бүкіл әлемде пайдаланылған отынмен және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу қауіпсіздігінің жоғары деңгейіне қол жеткізу және оны қолдау болып табылады. Конвенцияны ратификациялау Қазақстанның пайдаланылған отынмен және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеудің халықарлық стандарттарға сәйкес қауіпсіз жүйесін жасау ниетін айғақтайды. Сол арқылы Қазақстанның атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастығын одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.
Бүгінгі күні еліміздегі атом энергетикасының негізін құру, ядролық энергетика саласын дамыту бағытында бірқатар белсенді шаралар атқарылуда. Осы ретте аталмыш халықаралық конвенцияны ратификациялау ядролық қызмет қауіпсіздігі жүйесінің тиімді жұмыс істеуіне қажетті халықаралық стандарттарға сәйкес негізгі құқықтық құралдарды енгізуге бағытталады. Осының нәтижесінде атом энергетикасымен байланысты қызметтерді жүзеге асыру, халықты және қоршаған ортаны қорғау деңгейін көтеру шаралары қамтылады.