Мәжіліс сайлауындағы электоралды белсенділік өткен сайлауға қарағанда жоғары болады

АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - 2012 жылы өтетін Мәжіліс сайлауындағы электоралды белсенділік 2007 жылы өткен Мәжіліс сайлауынан жоғары болады.
None
None

Бұл туралы бүгін елордада өткен «Сайлау 2012: рейтингтер және болжаулар» атты дөңгелек үстел барысында «Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығының директоры Юлия Кучинская мәлім етті.

«Қарашаның соңында сауалнамаға қатысқан респонденттердің шамамен 10 пайызы Мәжіліс сайлауына келуге дайын еместігін білдірді. Олар саяси партияларды таңдауда қиналыс білдірді», - деді ол.

Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта Қазақстандағы электоралды белсенділік 2011 жылғы президенттік сайлауға қарағанда төмен. Дегенмен, 2007 жылғы Мәжіліс салауынан төмен болып отырған жоқ. Ю.Кучинскаяның пайымынша, электоралды белсенділік алдағы уақытта арта түспек.

Соңғы жаңалықтар