Мәжіліс Серік Жұманғаринді Премьер-Министрдің орынбасары етіп тағайындауға келісті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәжіліс Премьер-Министрдің орынбасары лауазымына Серік Жұманғариннің кандидатурасымен келісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоға сілтеме жасап.
None
Фото: parlam.kz

Бүгін Парламент Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына Жұманғарин Серік Мақашұлының кандидатурасы келісілді.

Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес қаралды.

Отырыстың нәтижесі бойынша ұсынылған кандидатураны Қазақстан Республикасының Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметіне тағайындауға болатыны туралы қорытынды қабылданды.


Соңғы жаңалықтар