Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Мәжіліс спикері Ақтау халықаралық теңіз сауда порты және «МАЭК-Қазатомпром» комбинатының қызметімен танысты

АҚТАУ. Сәуірдің 15-і. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджанов Маңғыстау облысындағы жұмыс сапары барысында алдымен Ақтау халықаралық теңіз сауда порты және «МАЭК-Қазатомпром» комбинатында болды.

Мәжіліс спикері Ақтау халықаралық теңіз сауда порты және «МАЭК-Қазатомпром» комбинатының қызметімен танысты
Мәжіліс спикері еліміздің теңіз қақпасы саналатын кәсіпорын мен өңірді электр қуаты, су және жылумен қамтып отырған комбинаттың қызметімен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ақтау халықаралық теңіз сауда портының қызметі негізінен мұнай, металл, құрғақ жүк түрлерін жөнелту және қабылдап алу, паром қатынасын жасауға негізделген. Порт өткен 2008 жылы 6,4 млрд. теңгенің жұмыс көлемін орындады. Биылғы қаңтар-ақпан айларының аралығында 1,6 млрд. теңгенің қызметін жүзеге асырды. Қазіргі күні портта 664 адам жұмыс істейді, олардың орташа айлық көлемі 224 мың теңге. Құрылғанына биыл 46 жыл болатын порт жұмысын көрген Мәжіліс төрағасы теңіз айлағын кеңейту шараларына қолдау білдірді. Бұдан соң О. Мұхамеджанов «МАЭК-Қазатомпром» комбинатына ат басын тіреді. Өткен жылы 2,2 млрд. теңгеге өнім мен қызмет түрлерін көрсеткен комбинатта қазір 3932 адам жұмыс істейді. Олардың орташа айлық жалақысы 112 мың теңгеге жеткен.