Мәжіліс спикері президент сайлауында дауыс берді

АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов кезектен тыс президент сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None


Спикер өз даусын Астанадағы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ғимаратында орналасқан №110 сайлау учаскесінде берді.
«Біз барлық өңірді аралап келдік. Халықтың көңіл-күйін көрдік. Сайлауға деген қызығушылығы жоғары. Мемлекетіміздің болашағы осы сайлауға байланысты екенін түсінеді. Сондықтан бүгін сайлау учаскелеріне дауыс берушілер өте көп келеді деп ойлаймын. Мен еліміздің болашағы, тұрақты дамуы үшін дауыс бердім», – деді Е.Қошанов.


Фото:parlam.kz


Соңғы жаңалықтар