09:36, 16 Наурыз 2017 | GMT +5
Мәжіліс төрағасы Беларусь еліне ресми сапармен барды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің Беларусь Республикасына екі күндік жұмыс сапары басталды, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.

Межелі шаралар аясында Жеңіс монументі жанындағы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою жоспарланған. Сондай-ақ, Беларусь Ұлттық Жиналысы Өкілдер Палатасы басшысымен кездесу белгіленген.
Сапар барысында Мәжіліс спикері Беларусь мемлекеттік университеті ұжымымен және студенттерімен кездеседі деп күтілуде. Сонымен бірге, Минск көлік зауытына баруы жоспарланған.