Мәжіліске атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалануға қатысты заң жобалары келіп түсті

АСТАНА. Қаңтардың 2-сі. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісіне Үкіметтен атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалануға қатысты халықаралық құжаттарды бекітуді көздейтін заң жобалары келіп түсті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, бұл құрамда үш заң жобасы бар. Ядролық апат туралы жедел хабарлау жөніндегі; ядролық қауіпсіздік туралы және ядролық апат жағдайындағы немесе радиациялық апат жағдайындағы көмек туралы конвенцияларды бекіту ұсынылған.

Үкіметтен келіп түскен осы үш заң жобасы бойынша бас комитет ретінде Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті жұмыс жасайтын болады. Заң жобасы жөнінде депутаттарға ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі баяндайтыны көзделіп отыр.

Осы Конвенцияларды ратификациялау Қазақстанның атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастығын одан әрі дамытуға ықпал етеді. Сонымен қатар бұл құжаттарды бекіту еліміздің ядролық қаруды таратпау режимін нығайту жөніндегі шараларды жақтайтындығын көрсетеді және осы саладағы саяси бағытының өзгермейтіндігін қуаттайды.

Соңғы жаңалықтар