Мәжілісмен С.Жылқайдаров Талдықорған қаласында жұртшылықпен кездесулер өткізуде
АСТАНА. 11 қаңтар. ҚазАқпарат - 2013 жылдың 10 - 19 қаңтары аралығында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты С.Жылқайдаров Талдықорған қаласында іссапармен жүр.
Бұл туралы "Нұр Отан" ХДП Алматы облыстық филиалынан хабарлады.
Іссапар мақсаты - Қазақстан Республикасы Президенті-партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауынан, «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының XIV съезінде қабылданған «Қазақстан 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» Тұғырнамасынан, сондай-ақ «Болашақты бірге жасаймыз!» атты партия бағдарламасынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру.
Сапар барысында депутат Талдықорған қаласында, Ақсу, Кербұлақ және Балқаш аудандары мен Қапшағай қаласында бірнеше кездесулер өткізеді.