Мәжілісмендер Санкт-Петерборда ҰҚШҰ ПАА іс-шараларына қатысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Парламенті палаталарының төрағалары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қабиболла Жақыпов бүгін Санкт-Петербор қаласында өткен ҰҚШҰ парламенттік ассамблеясының жетінші пленарлық отырысына қатысты.
None
None

Қатысушылар 2011-2015 жылдарға арналған ҰҚШҰ мүше-мемлекеттердің ұлттық заңнамаларын үйлестіру және жақындастыру жөнінде ҰҚШҰ ПАА қызметі бағдарламасын жүзеге асырудың, ТМД кеңістігінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті сұрақтарын талқылап, ҰҚШҰ парламенттік өлшемдерін дамытудың болашағына қатысты пікір алмасты.Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарлады.

Парламент өкілдері сондай-ақ, ақпараттық-коммуникациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, пана іздеушілер мен босқындар проблемасына байланысты ҰҚШҰ мүше-мемлекеттер заңдарын сәйкестендіру және аса маңызды нысандар қауіпсіздігін қамтамасыз ету салаларындағы ұсыныстарға назар аударды.

Санкт-Петербор қаласында өткен Еуразиялық экономикалық қауымдастық Парламентаралық Ассамблеясының Бюро жиналысында осы құрылымның жұмысы тоқтатылғандығы жария етілді. Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Қабиболла Жақыпов ұйым жұмысын қорытындылады.

Мәжіліс Спикерінің атап өткеніндей, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуразиялық Экономикалық қауымдастық қызметін тоқтатып, Еуразиялық экономикалық одақ өз жұмысын бастайды.

Қабиболла Жақыпов аталған қауымдастықтың ЕАЭО қалыптастырудың негізін қалағанын алға тарта отырып, ЕАЭҚ Парламенттік ассамблеясының маңыздылығына тоқталды.

«ЕурАзЭҚ бұл жұмыста басқа басқарушы органдармен бірлесіп, Қауымдастықтың құқықтық базасын табысты қалыптастыруда айрықша рөл атқарды. Осы ретте Парламенттік Ассамблея құқықтық базаны, заңнамалық актілер мен ұсынымдардың үлгілік жобасын жасауға барынша көңіл бөлді», - деді Қабиболла Жақыпов.

Мәжіліс Төрағасының айтуынша, Парламентаралық Ассамблея жұмыс істей бастаған 13 жылдан астам уақыт ішінде Қауымдастыққа мүше-мемлекеттер парламенттерінің ұлттық-құқықтық жүйесінде кеңінен қолданылған 200-ден астам ережелер мен нормалар, нормативтік құқықтық актілер қабылданған.

«ЕурАзЭО пен ЕурАзЭҚ ПАА біздің елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты нығайтуда маңызды рөл атқарды», - деп атап өтті Қ. Жақыпов.

Айта кетейік, ЕурАзЭҚ ПАА 2000 жылдан қызмет ете бастады. Қазақстан ұйымға соңғы екі мерзім қатарынан төрағалық етті.

Соңғы жаңалықтар