Мәжілісте Еуропалық Одақтың «Қазақстан Республикасында экологиялық саясаттың құралдарын енгізу» атты жобасының таныстырылымы өтті

аурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «Қазақстан Республикасында экологиялық саясаттың құралдары» атты тақырыпта дөңгелек үстел аясында Еуропалық Одақтың «Қазақстан Республикасында экологиялық саясаттың құралдарын енгізу» атты жобасының таныстырылымы болып өтті,

Мәжілісте Еуропалық Одақтың «Қазақстан Республикасында экологиялық саясаттың құралдарын енгізу» атты жобасының таныстырылымы өтті

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Отандық және халықаралық сарапшылар атсалысқан Еуропалық Одақтың «Қазақстан Республикасында экологиялық саясаттың құралдарын енгізу» атты жобасы мемлекеттік билік және азаматтық қоғам өкілдерінің сұхбаты шеңберінде талқыланатын экологиялық мәселелерді қамтып отыр. Бұл ретте жоба бойынша экологиялық саясаттың негізгі үш саласына - қалалардағы атмосфералық ауаның ластануы, су ресурстарын басқару және қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару мәселелеріне баса назар аударылған.

«Жобаның мақсаты - экологиялық саясаттың қолданыстағы құралдарын жүйесін талдау және сол бойынша осы бағыттағы жетілдіру жұмыстарына ұсынымдар әзірлеу болып табылады. Жалпы, экологиялық саясат құралдары мәселесіне келетін болсақ, Қазақстанда бұл бағыттағы жоспарлар, әдістер, тұжырымдамалар жоғары деңгейде. Дегенмен, бұндай тұжырымдамаларды, жоспарларды тәжірибелік жүзінде орындауда көптеген алшақтықтар, олқылықтар баршылық. Сондықтан да, ЕО жобасы Қазақстандағы экологиялық құралдардың тиімділігіне сараптама жасау болып отыр», деді жобаның бас сарапшысы Болат Есекин.