16:03, 27 Ақпан 2009 | GMT +5
Мәжілісте халықты жұмыспен қамтуға қатысты дөңгелек үстел отырысы өтеді
АСТАНА. Ақпаннвың 27-сі. ҚазАқпарат – Наурыздың 3-інде ҚР Парламенті Мәжілісінде «Қазақстан Республикасында халықты жұмыспен қамтудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Дөңгелек үстелді «Нұр Отан» ХДП фракциясы жанындағы еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон әлеуметтік кеңесінің жұмыс тобы өткізгелі отыр. Осы кеңестің төрайымы Айткүл Самақованың айтуынша, шараны ұйымдастыруға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Халықаралық еңбек ұйымы қатысуда.