14:07, 07 Мамыр 2010 | GMT +5
Мәжілісте микроқаржы ұйымдарын дамытудың нақты жағдайы талқыланады
АСТАНА. Мамырдың 7-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ ‑ Сейсенбі, мамырдың 11-і күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде «Қазақстанның микроқаржы ұйымдарын дамытудың нақты жағдайы мен перспективалары» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтеді.
Жиынды Мәжілістің Қаржы және бюджет комитеті ұйымдастырмақшы, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Дөңгелек үстел барысында Экономикалық даму және сауда вице-министрі Марат Құсайынов «Қазақстандағы микрокредиттік ұйымдарды дамыту мәселелері бойынша заңнамаларды жетілдіру туралы» баяндама жасайды деп күтілуде. Бұдан бөлек басқосуда «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Басқармасының төрайымы Гүлназ Атамқұлованың қордың қатысуымен құрылған шағын несие ұйымдарының қызметі туралы баяндама жасамақ.
Дөңгелек үстелге Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан Қарақұсова жетекшілік етеді.