Мәжілісте пробация қызметінің мәселелеріне қатысты заң жобасының таныстырылымы өтеді

ТАНА. 9 қараша. ҚазАқпарат - Ертең, 10 қараша, бейсенбі күні, Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне пробация қызметінің мәселелері жөніндегі өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы өтеді,
None
None

деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.

Заң жобасының таныстырылымы Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті шеңберінде өтеді.

Отырысқа Жоғарғы Сот, Бас прокуратура, қаржы полициясы, ҚР Білім және ғылым, Әділет, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің өкілдері, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері шақырылып отыр.

Заң жобасының мақсаты жөнінде ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Амантай Күреңбеков баяндама жасайды деп күтілуде.

Заң жобасы бойынша құрылған жұмыс тобына Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің хатшысы Светлана Бычкова жетекшілік жасайды.

Заң жобасы Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Қылмыстық-атқару кодекстеріне, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске және «Қазақстан Республикасының Iшкi iстер органдары туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы» және басқаларын заңдарға қылмыстық-атқару жүйесінде пробация қызметін құруға бағытталған түзетулер енгізуді көздейді.

Соңғы жаңалықтар