Мәжілісте рұқсат беру жүйесін жетілдіруге бағытталған заң жобасы таныстырылды

АСТАНА. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы болып өтті.
None
None

Аталған заң жобасы рұқсат беру саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіруге арналып отыр. Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы жолдауларында Үкіметке әкімшілік реформа шеңберінде бизнеске түсетін әкімшілік жүктемені батыл азайту, рұқсат беру жүйесін, ең алдымен лицензиялауды, сертификаттауды, аккредиттеуді одан әрі оңайлатуды тапсырған болатын. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін аталған заң жобасы әзірленген.

Жиын барысында заң жобасында қамтылған негізгі жаңалықтарға тоқталған Экономикалық даму және сауда вице-министрі Мұрат Құсайынов, құжатта ұсынылған өзгертулердің басым бөлігі лицензиялау-рұқсат беру жүйесін реформалаудың кезекті сатысын қамтитынын атап өтті. Вице-министрдің айтуынша, әзірленген заң жобасы тек лицензиялау саласына ғана емес, сонымен бірге мемлекеттік органдар тарапынан жүзеге асырылатын рұқсат беру үдерісінің барлық түрлеріне бағытталып отыр. «Бұл реформалаудың осы кезеңдегі негізгі ерекшелік болып табылады. Сонымен бірге, заң жобасы бойынша рұқсат беру үдерістерін қысқартатын және жеңілдете түсетін 6 кодекс пен 41 заңға өзгерістер енгізу көзделеді. Атап айтқанда, рұқсат беру құжаттарының саны айтарлықтай қысқарту көзделіп отыр», деді М. Құсайынов. Вице-министрдің сөзіне қарағанда, заң жобасы арқылы қазіргі күнгі қолданыстағы 1 мың 15 рұқсат беру құжаттарының 331-і қысқартылады. Заң жобасын енгізу болашақта 1 жылда жергілікті бюджет кірісінің орта есеппен
300 миллион теңгеге қысқаруына алып келетіні болжанады.

Соңғы жаңалықтар