Мәжілісте ТМД елдері әскери байланыс жүйесіне қатысты құжат мақұлданды
ТМД-ға қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің бірлескен байланыс жүйесі туралы келісім 2020 жылғы 29 мамырда жасалды.
Оның негізгі міндеттері:
- қарулы күштер басқару жүйесінде және қарулы күштер арасында талап етілетін байланыс қызметтерін ұсыну әрі ақпараттың барлық түрлерімен алмасуды қамтамасыз ету;
- Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы форматында құрылған әскери саладағы өзара іс-қимылдың біріккен жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету, байланысқа ортақ пайдаланылатын ұлттық байланыс желілері мен арнайы мақсаттағы байланыс желілерімен қажетті үйлесімділікке қойылатын талаптардың орындалуын қамтамасыз ету;
«Бірлескен байланыс жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында тараптардың өкілетті органдары осы келісімге қатысушы мемлекеттердің қорғанысқа мұқтаж және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін байланыс қызметтерін көрсетуге байланысты қатынастарды реттейтін нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес, осы келісімге қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің байланыс желілері ресурстарын пайдалана алады. Бірыңғай техникалық тәсілдер және қазіргі заманғы әскери техникамен, байланыс жабдығымен басым түрде жарақтандыру негізінде құрылып жатқан байланыстың бірлескен жүйесі мемлекеттер қарушы күштерінің жауынгерлік даярлығын арттырады», - деді ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дәндібаев.