Мәжілістің алғашқы Бюро отырысы өтті

АСТАНА. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен осы Палата Бюросының алғашқы отырысы өтті.
None
None

Онда 1 қыркүйек күні төртінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің үшінші сессиясын ашқан кезде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың алға қойған міндеттерін орындауға қатысты мәселелер қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Салалық комитеттердің ұсыныстары бойынша ертең, қыркүйектің 3-інде Палатаның осы сессиядағы алғашқы жалпы отырысының күн тәртібі жобасы қалыптастырылды.

Күн тәртібінде Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің жекелеген баптары бойынша қарсылықтары жөніндегі мәселе бар. Сондай-ақ Үкіметтен келіп түскен жаңа заң жобаларына қорытынды әзірлеу уақыттары анықталатын болады.

Бюро отырысында бірінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бұрынғы Төрағасы Марат Тұрдыбекұлы Оспановтың 60 жылдығына байланысты еске алу күніне арналған іс-шараларды әзірлеу және өткізу туралы мәселе қаралды.

Бюро мүшелері Мәжілістің заң шығару қызметіне байланысты тағы да бірқатар мәселелерді талқыға салды.

Соңғы жаңалықтар