Мәжілістің отырысында «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Заң жобасы мақұлданды

ТАНА. 9 қараша. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
None
None

Аталмыш құжат ұлттық экономиканы қарқынды индустриялық-иннновациялық дамыту үшін қолайлы құқықтық және экономикалық жағдай жасайды. Сонымен қатар, құжат индустриялық қызметті дамытуды ынталандыру, жоғары технологиялық ғылымды қажет ететін экологиялық таза және бәсекеге қабілетті өндірісті қолданысқа енгізуге ықпал етеді.

Бұған қоса, Заң жобасы индустриялық-инновациялық шағын және орта бизнесті қалыптастырып, индустриялық-инновациялық қызметті қолдау қағидаттары мен міндеттерін нақтылайды және оны мемлекеттік қолдау шараларын анықтайды.

Отырыс барысында аталмыш құжатты бірінші оқылымда қараған депутаттар оны мақұлдау қажет деген шешім қабылдады.

Сондай-ақ депутаттар аталмыш Заң жобасының ілеспе құжаты «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын да бірінші оқылымда мақұлдады.

Соңғы жаңалықтар