11:49, 12 Мамыр 2012 | GMT +5
Мәжілістің жұмыс тобы Магистральдық құбырларға қатысты заң жобасын қарайды
АСТАНА. 12 мамыр. ҚазАқпарат - Дүйсенбі, 14 мамыр күні Парламент Мәжілісінде «Магистральдық құбыр туралы» және

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне магистральдық құбыр мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары бойынша құрылған жұмыс тобының алғашқы отырысы өтеді.
Жұмыс тобына Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі Ахмет Мұрадов жетекшілік етеді.
Заң жобасы магистральдық мұнай және газ құбырларын салу, консервациялау және жою кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеуге, сондай-ақ магистральдық құбырлардың тиімді, сенімді және қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған.