Мәжіліс Қытаймен арада құқықтық көмек көрсетуге қатысты заңды қабылдады

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «1993 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы Азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Заңы қабылданды.

Парламенттің бірлескен отырысы
Фото: Parlam.kz

«Хаттама аясында Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік соттардың шешімдері мен өтініштерін орындау саласында құқықтық көмек көрсету жөніндегі сот органдарының функцияларын нақтылау бойынша Шарттың 2-бабына өзгеріс енгізіледі. Хаттамада мынадай орталық мекемелер айқындалған: Қазақстан жағынан - Жоғарғы Сот, Бас прокуратура және Әділет министрлігі, ал Қытай тарапынан – Әділет министрлігі, Жоғарғы халық прокуратурасы және Жоғарғы Халық Соты. Хаттама «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Заңның 27-бабының 4-тармағына сәйкес ратификациялауға жатады», - Әділет министрі Азамат Есқараев.

Бұл өзгерістер азаматтардың өздерінің де, уәкілетті органдардың да өтініштерді құзыретті органнан уағдаласушы тараптардың Жоғарғы сотына дейін қайта жіберу жөніндегі уақытша шығындарын болдырмайды. Бұл өз кезегінде азаматтар мен заңды тұлғалардың заңды мүдделерін қорғау мәселелерін анағұрлым тез шешуге ықпал ететін болады.

Оның айтуынша, Хаттаманы ратификациялау Қазақстан мен Қытай азаматтарының құқықтарын қорғауға бағытталған Азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету саласындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал етеді.

«Заңды қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ республикалық бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар