Медбикелерге кейбір рецепттерді жазуға рұқсат берілуі мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM – Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев Сенат депутатының сауалына жолдаған жауапта дәріге рецепт беру процесін оңтайландыру бағытында қабылданып жатқан шаралардың мәнін түсіндірді.

Медбикелерге кейбір рецепттерді жазуға рұқсат берілуі мүмкін
Фото: freepik.com

- Қазір Денсаулық сақтау министрлігі орта медицина персоналына дәрі-дәрмек рецептін жазуға рұқсатын беру мәселесін пысықтап жатыр. Ол үшін дәрігер нақты сол дәріні тағайындағаны туралы құжат керек. Яғни, созылмалы ауруы бар науқастар дәріге рецепт алу үшін дәрігердің алдына бармай-ақ, орта медициналы персоналына жүгінсе жетіп жатыр, - деп жазылған жауапта.

Вице-премьер 2023 жылдың шілдесінен бастап диспансерлік есепте тұрған науқастарға берілетін рецепт мерзімі бір айдан үш айға дейін ұзартылғанын еске салады.

- Емханаларда дәрі рецептін QR-код пен СМС-код арқылы да, қағаз күйінде де алуға болады. Бүгінде «Әлеуметтік әмиян» жобасының аясында дәрі-дәрмек беру процесі ашық бола түсті, - деп жазылған вице-премьер жауабында.

Айта кету керек, заң бойынша орта медицина персоналына мына санаттағы қызметкерлер жатады:

1) фельдшерлер:

2) рентген зертханашылары:

3) мейіргерлер;

4) дезинфекторлар,

5) клиника зертханашысы.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың мәліметінше, 2026 жылдан бастап дәрі-дәрмек пен медициналық қызметке салынатын ҚҚС-ны 5%-ға дейін түсіру жоспарланып отыр. 

Соңғы жаңалықтар