Медет Нұрланов Ертіс орманы резерваты басшысының міндетін атқарады
ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бұйрығымен Медет Нұрланұлы Нұрланов «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» РМК бас директордың міндетін атқарушы лауазымына бекіді.
Медет Нұрлановтың саладағы жалпы жұмыс тәжірибесі 10 жылдан асады.
- Орман шаруашылығы жүйесінде мол тәжірибесі бар, саланың ішкі тынысы мен ерекшеліктерін терең меңгерген білікті маман. Өзінің еңбек жолында кәсібилігімен, ұйымдастырушылық қабілетімен және жүктелген міндеттерге жауапкершілікпен қарауымен танылды, - деп хабарлады резерваттан.
Жаңа басшыға резерваттың бірегей табиғи кешенін сақтау, орман қорын қорғау мен ұдайы өндіру, сондай-ақ мемлекеттік инспекторлардың жұмысын тиімділігін арттыру бағытындағы міндеттерді сапалы жүзеге асыру тапсырылып отыр.
Бұған дейін Ертіс орманында құстардың 90 түрі бар екенін жазғанбыз.