«Медеу» аумағында әуеге көтерілген тікұшақ адамдарға қауіп төндірді

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазавиақұтқару» АҚ баспасөз қызметі «Медеу» аумағындағы тікұшақтың оқыс ұшуына қатысты ресми түсініктеме берді.

«Медеу» аумағындағы тікұшақ ұшуына қатысты түсініктеме берілді
Фото: Видеодан скрин

Мекеменің мәліметінше, «Медеу» спорт кешені маңындағы ресми алаңнан тікұшақ алдын ала берілген өтінім бойынша жоспарлы ұшуды орындаған. Ал әуе бортын біліктілігі расталған тәжірибелі ұшқыш басқарған.

— Ұшу алдында борт механигі азаматтарға қауіпсіз қашықтықты сақтау қажеттігі туралы ескерту жасаған. Алдын ала мәліметтер бойынша, ұшу кезінде жел жылдамдығы күрт артып, бағыты өзгерген, бұл әуе кемесінің шайқалуына әсер етуі мүмкін. Оқиғаның себептері ішкі тексеру аясында анықталып жатыр. Жедел ден қою бригадасы әуе кемесін тексеріп, техникалық ақаулар анықталған жоқ, — делінген «Қазавиақұтқару» АҚ хабарламасында.

Бұған дейін Алматыда тұрғын үйлерге жақын қашықтықта тікұшақ ұшып жүргені белгілі болды. ТЖД бұл жағдайға қатысты түсініктеме жасады.

Соңғы жаңалықтар