Медеу қонақтары екі ай бойы конькимен сырғанауды тегін үйрене алады
20-ға жуық тәжірибелі жаттықтырушы кез келген «Медеу» қонағын сағат 19:00-ден 21:00-ге дейін аптаның әр сенбісі немесе жексенбісінде тегін үйрететін болады. Сонымен қатар, қонақтарға жобаны ұйымдастырушылар көптеген сыйлықтар табыстап, концерттік бағдарламалар өткізілетінін хабарлайды.
Айта кетер жайт, билеттер мен конькиді жалға алу Медеудегі прейскурантка сәйкес беріледі. Бұл конькимен сырғанауға ақысыз түрде үйрету сабақтары желтоқсанның 24-іне дейін жалғасып, келесі жылдың қантарында қайта іске қосылады.
Спорттық шараның басты мақсаты қаладағы бұқаралық спорт түрлерін дамытып, қала тұрғындары мен қонақтарын салауатты өмір салтын үстануға шақыру болып табылады. Акция «Спорттык Алматы» бағдарламасына биылғы жылдың 25-ші ақпанында қосылған болатын.
«Спорттық Алматы» бағдарламасы қаладағы бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылған.