«Медеу» мұз айдынын қайта жаңарту жұмыстары желтоқсан айында аяқталады
sp;АСТАНА. Қарашаның 23-і. ҚазАқпарат /Дамир Байманов/ - «Медеу»- мұз айдынындағы қайта жаңарту жұмыстары, жоспарланғандай 2011 жылғы Азияда ойындарына қарсы емес, ағымдағы жылы желтоқсанның екінші жартысында аяқталады.
Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне «Медеу» мұз айдыны» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының маркетинг, жарнама және туризм бөлімінің басшысы Ғазиза Жаппарова хабарлады.
«Медеу» Алматы тұрғындары үшін де, қала қонақтары үшін де өте маңызды нысан болып табылады. Міне, сондықтан да, айдынды қайта жаңарту жұмыстары, жоспарланғандай, 2011 жылғы Азиада ойындарына қарсы емес, 2009 жылы желтоқсанның екінші жартысында аяқталады», деп атап көрсетті Ғ.Жаппарова.
Оның айтуынша, айдынның ашылуына орай Алматы басшылығының, Азиада ойындарының ұйымдастыру комитетінің, Туризм және спорт министрлігінің, «Медеу» кешені мен кәсіпорын серіктестерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты өткізіледі.
Медеу айдыны теңіз деңгейінен 1,691 метр биікте орналасқан мұз айдыны, ол әлемдегі ең атақты мұз айдындарының бірі. 1972 жылы тұрғызылған «Медеу» айдыны 10500 шаршы метр жерді алып жатыр және 10500 көрерменді сыйғызады. Әлемдегі 120-дан аса үздік спорттық рекорд осы мұз айдынында орнатылған.