«Медеу» спорт кешені көктемде ойын-сауық кешені ретінде бет-әлпетін өзгертеді
Бірқатар жөндеу жұмыстары аяқталғаннан соң бұл жерде алғаш рет «Медеу» таулы ойын-сауық кешені ашылады. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен арнайы баспасөз мәслихатында «Медеу» ЖШСК басшысы Сабыржан Бектемісов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мұз айдынының жұмысын тоқтатқан себебіміз, мұздатқыш құрылғыларының бесінші орнатылымы мен оның түгелдей дерлік электрлік желі арқылы жұмыс істеуіне байланысты жөндеу жұмыстарын жүргіземіз. Жоспарлы жөндеу жұмыстары аяқталғаннан соң мұз айдыны жылы температурада да тиімді режимде жұмыс істейтін болады», - деді Алматы қаласы әкімшілігі жөндеу жұмыстары басқармасының басшысы Қожамұрат Үсенов.
«Мұздатқыш құрылғылары өшірілсе де, мұз айдыны өзінің жұмысын ары қарай жалғастырмақ. «Көктем-жаз кезінде мұз айдынының орнында алғашқы таулы ойын-сауық орыны ашылады. Бұл - бүкіл отбасына арналған демалыс орны болады, сонымен қатар, бұл жер коммерциялық жобалар мен Қазақстан және шетел жұлдыздары өнерін тамашалауға арналған үлкен концерттік сахнаға айналады» - деді «Медеу» ЖШСК басшысы Сабыржан Бектемісов.
Алдыңғы уақыттағы даму жоспарына сай, ойын-сауық орталығы жыл маусымына сай түрлі бейнеге өзгереді. Мысалы, күз бен қыста бұл конькимен сырғанау орны - «Қарлы әлем» қызметі болса, көктем-жаз уақытында ашық даладағы кинотеатр мен аттракциондар орны бар - «Ойын-сауық әлемі» болады, сондай-ақ жаңа жоба - «Орманды әлемде» тауға шығу туристік серуендер, скаут лагерлер мен тау велосипедтері және квадроциклдерді жүргізуге мүмкіндік болады. Сонымен қатар, бұл жерде бокс, күрес, баскетбол, минифутбол сияқты түрлі бағытта спорт алаңдары, тренажер залы мен скейтпарк ашылады. Бұнымен қатар, мұнда қалыпқа келтіру spa - бассейні және тренажерлері бар медициналық орталық орналасатын болады.
Арнайы жастар үшін «Медеу» жоғары шатқалды бағы ТМД аймағындағы ең үлкен LED- дисплейде түрлі кинобағдарламаларының кешкі көрсетілімдері мен апта сайынғы Party бағдарламаларын ұсынады.
«Медеу» ЖШСК жаңа режимінің пайда болуына елімізде 2011 жылы өтетін Қысқы Азиада ойындарына дайындық себеп болды. Осы өзгерістердің барлығы халықты осы ойындарға назар аудару мақсаты барысында жүреді, сол арқылы қала тұрғындары мен қонақтары басқа елдердің мәдениеті мен салты жайлы көбірек білетін болады. Бағдарлама бойынша атақты өнер жұлдыздарының келуі, Open air концерттері, ретро және байкерлер фестивалдері мен тағы да басқа әр түрлі шаралар жоспарлануда», - деп атап өтті Алматы қаласының туризм, дене шынықтыру мен спорт басқармасының басшысы Хайрболат Хайдаров.