Медеуде өзенге лай ағып жатыр — «Алматы су» жауап берді
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда Медеу мұз айдынының жанындағы өзенге лай су құйылған.

Бұл көріністің бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады.
Оқиға бойынша «Алматы Су» мекемесі түсініктеме берді. Ресми жауапқа сәйкес, судың лайлануына ауа температурасының көтерілуі, таулы аймақтарда (соның ішінде мұздықтарда) қар жамылғысының мол еруі, сондай-ақ сел ағындарының түсуі әсер етеді.
— Мұндай кезде су дайындау станцияларында алынатын судың көлемі технологиялық және санитарлық шектеулерге байланысты мәжбүрлі түрде қысқартылады. Станцияларда тау өзендерінен алынған, лайлылығы жоғары және ауызсу сапасына дейін тазарту мүмкін емес судың бір бөлігі ағызылып отырады, — деп хабарлады мекемеден.
Алайда «Алматы су» мамандарының айтуынша, ағызылған су құрамында бөгде қоспалар жоқ және қоршаған ортаға қауіп төндірмейді. Қақ қалада су беру қалыпты режімде жүзеге асырылып жатыр.
Еске салайық, бұған дейін «Медеу» мұз айдыны осы сырғанау маусымынан кейін бірнеше жылға жабылғанын жазғанбыз.