07:29, 29 Мамыр 2013 | GMT +5
Медицина қызметкерлерінің қалалық спартакиадасында БҚО кардиологиялық диспансері жеңімпаз атанды
ОРАЛ. 29 мамыр. ҚазАқпарат - П.Атоян атындағы стадионда медицина қызметкерлері арасында қалалық спартакиада мәреге жетті.

Оған 24 команда құрамында 1500-дей спортшы қатысты. Олар көңілді старттар, жеңіл атлетика, шағын футбол, дартс, арқан тарту, жағажай волейболы сынды спорттың алты түрінен сайысқа түсті.
Спартакиада қорытындысында жалпыкомандалық есепте БҚО кардиологиялық диспансері жеңімпаз атанса, №3 қалалық емхана - екінші, облыстық клиникалық аурухана үшінші орынды иеленді. Жеңімпаз-жүлдегерлер дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
8-9 маусым күндері медицина қызметкерлерінің облыстық спартакиадасы өтеді.
БҚО денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Ғизатолла Ләмовтің айтуынша, салауатты өмір салтын орнықтырып, спортпен айналысушылар қатарын молайтуда мұндай жарыстардың маңызы зор.