Медицина мамандары елдегі тұмаумен байланысты жағдайды тұрақты деп бағалап отыр

None
None
АСТАНА. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат - Медицина мамандары елдегі тұмаумен байланысты жағдайды тұрақты деп бағалап отыр.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтеріне қарағанда, биылғы жылдың қазан айынан бері осы уақытқа дейін елде тұмаудың тарауының 220 мың 673 жағдайы тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда, 7,0 пайызға төмен. Елімізде тұмауға қарсы егу жұмыстары белсенді жүргізілуде. Биылғы жылы республика бойынша 1 миллион 74 мың 728 адамға тұсммауға қарсы дәрі салынды. Оның ішінде мемлекет тарапынан бөлінген қаржыға егілген 708 мың 600 адам бар. Бұл 2010 жылдың көрсеткішінен 20 пайызға көп. Әзірге дәрі егілгеннен кейін жағдайлары нашарлаған азаматтар тіркелмеген.

Соңғы жаңалықтар
telegram