Медициналық техникаларды лизинг жолымен сатып алу емдеу үдерісінің локомотивіне айналады - А.Құрманғалиева
АНА. 3 маусым. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша әзірленген 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында
еліміздің денсаулық сақтау саласындағы басты проблемалар ресурстардың жетіспеушілігімен ғана емес, сонымен қатар оларды пайдалану тиімділігінің төмендігімен де байланысты екендігі айтылған. Денсаулық сақтау министрлігі осы түйткілді мәселелерді қалай шешіп жатқандығы жөнінде, сондай-ақ министрлік әзірлеген медицина қызметкерлерінің еңбегін материалдық ынталандырудың жаңа жүйесі жайлы тілшіміздің Денсаулық сақтау вице-министрі Аида Құрманғалиевадан алған сұхбатынан біле аласыздар.
- Аида Дәденқызы денсаулық сақтау жүйесіндегі ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру міндеті қалай шешілуде?
- Өткен жылдың соңында Үкімет қаулысымен «ҚазМедТех» АҚ құрылды. Осы орайда айта кетерлігі, мемлекеттік саясат ауруханалардың басым бөлігін біртіндеп медициналық техникалармен жабдықтауға негізделген. Бұл тұста екі проблемалық мәселе, атап айтқанда - медициналық техникаларды жылдам жаңарту және оны тиімді пайдалану алдан шығады. Бірқатар оқиғалардың медициналық мекемелердегі қарапайым техникалардың салдарынан болып жататындығы құпия емес. Бірінші проблема бюджет қаражатының шектеулілігіне, ал екіншісі ауруханаларды бюджеттен кепілді қаржыландыру тәжірибесіне байланысты болып отыр. Нәтижесінде, онсыз да шектеулі бюджет қаражаты тиімсіз пайдаланылады. Міне, сондықтан да «ҚазМедТех» АҚ-на медициналық техникаларды тиімді пайдалану тетіктерін әзірлеу міндеті жүктелді. Бұл ретте медициналық техникаларды лизингтеу жөнінде шешім қабылдап отырмыз, және ендігі жерде бұл компания қызметіндегі айналысатын негізгі мәселе болмақ.
- Сонда лизинг құрал-жабдықтар мен қондырғыларды тиімді пайдалану мәселесін шынымен де оң шешеді ме?
- Заңнамаға түзетулер енгізілді. Оған сәйкес мемлекет мемлекеттік ауруханалардың лизингтік төлемдерін өтейтін болады, алайда қойылатын бір талап бар: лизингтік шартпен сатып алынған құрал-жабдықтар тиімді пайдаланылуы тиіс. Яғни, лизингтік төлемдердің қайтарылуы лизингтік құрал-жабдықтардың медициналық қызмет көрсету фактілеріне байланыстырылған. «ҚазМедТех» АҚ ауруханалардың лизингтік өтінімдеріне сараптама жүргізеді. Бұл ретте өтінімнің дәйектілігі, яғни қажетті пациенттер саны бар ма, сұраныстағы техника кімге қажет деген сияқты жайттар есепке алынады. Сонымен қатар аурухананың қажетті медициналық техниканы тиімді пайдалануға дайындығы да бағаланады. Аурухананың тиісті бөлмесі, білікті мамандары, жұмсалатын материалдарының қажетті көлемі болуы керек. Сараптама құрал-жабдықтың келешектегі пайдаланылмай тұрып қалу қаупін жояды, осылайша бюджеттік қаражаттың тиімсіз пайдаланылуының алдын алады. Лизингтік жобалардың алдын ала сараптама нәтижесі бойынша ауруханалардың іс жүзіндегі сұранысына сәйкес келмейтін қуаты жоғары техникаларға тапсырыс берілгені, соның нәтижесінде алынған қондырғының әлеуеті 53 пайызға ғана пайдаланылғаны, яғни тиімсіз пайдаланылғаны анықталды. Жоғарыда аталып өтілген заңнамадағы өзгерістермен ауруханаларда қондырғылар тиімсіз пайдаланылған жағдайда, ауруханалардың лизингтік төлемдерді өздері өтейтіндігі қарастырылған.
- Қолданылып жүрген орталықтандырылған сатып алу жүйесінен лизингтің артықшылығы қандай?
- Қазіргі уақытта денсаулық сақтауды басқару және қаржыландыру желі қуатының тиімділігіне емес, тек оны қолдауға бағдарланған. Бұл медициналық техникамен қамтамасыз ету мәселесіне де қатысты. Медициналық техникалардың жеткізілімін қаржыландыруға мемлекет тарапынан кепілдіктің берілуі ауруханалардың аталған техникалардың тиімді пайдаланылуына көңіл бөлмеуіне алып келді. Лизингтің артықшылығы мынада: ол енгізілгеннен кейін денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық техникаларды тиімді пайдалануы арқылы көрсетілетін медициналық көмектің жоғары сапасы қамтамасыз етілетін болады. Аталған мақсаттарды орындау үшін лизинг ауруханаларды жабдықтау тетіктерін жетілдіреді.
Сонымен қатар қазіргі жағдайда лизинг емдеу үдерісінің локомотиві бола алады. Яғни, лизинг алуға қол жеткізулері үшін аруханаларда дайны бөлмелері болуы тиіс, мамандарын оқытуы қажет, мәселелерін шешетін тиісті шығыстары болуы қажет. Лизинг осы мәселелерді үйлесімді және кешенді шешуді талап етеді, себебі жоғарыдағы компоненттердің бірі болмаған жағдайда қызмет орындалмайды. Бұл пациенттер үшін маңызды мәселе.
Техникаларды лизинг бойынша алатын медициналық мекемелерге жоғарыда айтылған қойылатын талаптар оларды өздерінің қажеттіліктеріне және мүмкіндіктеріне нақты сәйкес қондырғыларға тапсырыс беруге мәжбүрлейді. Бұл өз кезегінде заманауи медициналық техникаларды сатып алуға мүмкіндік беретін қосымша қаражаттың қалуына және жоғары дәрежеде медициналық көмек көрсетуге жол ашады. Яғни, лизинг медициналық техникаларды тиімді пайдаланумен қатар, біздің медициналық мекемелердің жалпы жұмыс сапасын арттыруға да үлес қосады.
- Ауруханаларға арналған медициналық техникаларға таңдау жасауды кім жүзеге асырады?
- Лизингтік техникалардың ауруханалардың қажеттілігіне толығымен сәйкес келуі үшін, медициналық техникаларды мекеменің өздері таңдайды. Бұл 2015 жылға дейінгі «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына да сәйкес келеді. Бұл бағдарламада денсаулық сақтау ұйымдары қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында олардың автономдығын және дербестiгiн арттыру жоспарланып отырғандығы көрсетілген, бұл іс оларға басқарушылық шешімдерді қабылдауда айтарлықтай тәуелсіздік беру жолы арқылы іске асырылады.
- Денсаулық сақтау министрлігінің жаңа жобасын медициналық қоғамдастық қалай қабылдады?
- Таяуда «ҚазМедТех» АҚ денсаулық сақтау саласының ХVIII «KIHE-2011» халықаралық көрмесіне қатысты. Өздеріңіз білетіндей, KIHE-2011 - Қазақстан мен Орталық Азиядағы денсаулық сақтау саласының қатысушылар саны мен құрамы бойынша ең ірі халықаралық көрме болып табылады. Міне, осы көрменің алғашқы күнінде «ҚазМедТех» АҚ жұмысының негізгі принциптері таныстырылды. Ұсынылған тетіктер көрмеге қатысушылардың, атап айтқанда ауруханалар мен жеткізушілердің тарапынан оң пікірге ие болды. Бұл таңдап алынған стратегияның дұрыстығын білдіреді.
- Аурухананың жемісті жұмыс істеуі үшін медициналық құрал-жабдықтардан бөлек сапалы медициналық қызмет көрсетуге мүдделі, біліктілігі жоғары кадрлар қажет. Осы орайда, медицина қызметкерлерінің қызығушылығын арттыру үшін қандай шаралар атқарылуда?
- 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында медициналық қызметтердің сапасын жақсарту және денсаулық сақтаудың жоғары технологиялық жүйесін дамыту қарастырылған. Медициналық қызмет сапасы кешенді түсінік және көптеген ауқымды себептермен байланысты. Олардың қатарынан денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіби деңгейі мен ынталандыру тетіктерін бөліп қарастыру қажет. Мемлекеттік бағдарламаның бірінші кезеңін жүзеге асыру міндеттерінің бірі - денсаулық сақтау қызметкерлерін ынталандыру және әлеуметтік мәртебесін арттыру болып табылады. Өңірлер бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек шығыстарын теңестіру және профилактикалық жұмыстарды ынталандыру үшін алғашқы медициналық-санитарлық көмек тарифтеріне қосымша компоненттер енгізу іс-шаралары қарастырылған. Бұл мақсаттарға мемлекеттік бағдарлама аясында 21 млрд. 610,4 млн. теңге сомасында қаржы көзделген.
Медицина қызметкерлері еңбегінің соңғы нәтижесіне бағытталған медициналық көмек көрсетудің сапасын арттыру мақсатында министрдің бұйрығымен медицина қызметкерлерінің еңбек ақысын төлеудің жаңа ережесі бекітілді. Бұл ереже медицина қызметкерлерінің еңбекақысын олардың қызметін бағалау критерийлерін пайдалана отырып, көрсетілген медициналық көмектің көлемі мен сапасына қарай төлеуді белгілейді. Сонымен қатар министрлік, Денсаулық сақтау қызметкерлінің орталық кәсіподақ кеңесімен 2009-2011 жылдарға арналған салалық келісім жасады. Онда көрсетілетін медициналық көмектің көлемі мен сапасына қарай медицина қызметкерлерінің жалақысына ынталандыру үстемақысын белгілеу бөлігіне қосымша енгізілді, сондай-ақ медицина қызметкері болып саналмайтындардың жалақасына ынталандыру үстемақысы белгіленді. Бұның соңғысын денсаулық сақтау ұйымы кредиторлық қарызы болмаған жағдайда мекемені қамтамасыз етуге бөлінген қаржы есебінен төлейді.
- Медициналық мекемелерден сараланған төлемақыны кімдер алады және қандай қаражат есебінен алады?
- Сараланған төлемақыны медициналық қызметкерлердің қызметін бағалау критерийлері негізінде құрылымдық бөлімшелер арасында бөлуден үнемделген қаржы есебінен медициналық және медициналық емес қызметкерлер алатын болады. Медицина қызметкерлеріне қосымша үстемеақы белгілеуде олардың қызметінің нәтижесін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер көрсетілетін қызмет, көлем сапасының артуына қосқан үлесі болып саналады.
Денсаулық сақтау ұйымдары медициналық қызметкерлерінің барлық санаттары үшін қосымша үстемеақы көлемін бірінші басшының бұйрығымен құрылған комиссия белгілейді. Құрылымдық бөлімшелердің медициналық бөлімдеріне үнемделген соманы бөлу маманның қосқан үлесіне байланысты денсаулық сақтау ұйымдары әрбір құрылымдық бөлімшелерінің медициналық бөлімдері жалақы қорының мөлшері бойынша жүзеге асырылады. Ынталандыру сипатындағы үстемеақы шығыстарын өтеу жыл бойғы шығыстар сметасы бойынша қаржыны үнемдеу болып табылады. Дегенмен, үнемделген қаржының жалпы көлемінің 30 пайызынан, ал желтоқсанда жыл ішінде үнемделген қаржының жалпы көлемінен аспауы тиіс.
- Сұхбатыңызға рахмет!