17:01, 01 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің БҚО бойынша департаментіне жаңа басшы тағайындалды
ОРАЛ. Желтоқсанның 1-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Облыс әкімінің келісімімен және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне басшы болып Жанболат Иманғалиев тағайындалды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Желтоқсанның 1-інде жаңа басшыны облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлеймен департамент ұжымына таныстырды.
Жанболат Ғайнешұлы Иманғалиев 1969 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, Ақтөбе мемлекеттік медициналық институты педиатрия факультетінің түлегі. 1996-2004 жылдар аралығында "Облыстық балалар ауруханасы" МКҚК-да қатардағы анестезиолог- -реаниматолог болып еңбек еткен. 2004-2007 жылдары "Облыстық балалар ауруханасы" МКҚК директорының орынбасары, 2007 жылдан күні бүгінге дейін облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары болып қызмет еткен.