Медициналық жоғары оқу орындарында мемлекеттік білім гранты бойынша оқитындардың санын биыл 5 мың адамға жеткізу жоспарланып отыр ? Ж.Досқалиев

АСТАНА. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Медициналық жоғары оқу орындарында мемлекеттік білім гранты бойынша 1999 жылы 1050 адам қабылданса, биыл олардың санын 5 мыңға жеткізу жоспарланып отыр.
None
None
Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде Қазақстан студенттері альянсы көшбасшыларымен кездесуінде аталмыш ведомствоның басшысы Жақсылық Досқалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Медициналық жоғары білімі бар мамандарға қажеттілікті қанағаттандыру мақсатында аталмыш жоғары оқу орындарына қабылданатын талапкерлердің санын кезең-кезеңімен ұлғайту көзделіп отыр. Осы саланың оқу орындарына мемлекеттік білім гранты бойынша 1999 жылы 1050 адам қабылданса, 2009 жылы 5 мың адам, ал 2011 жылы 6 мың адам қабылдау жоспарланып отыр», - деп атап өтті кездесуде Ж.Досқалиев.Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, мемлекет болашақ дәрігерлерді оқыту, дайындауға қажетінше көңіл аударып, толыққанды қаржыландырып отыр.
Соңғы жаңалықтар