Мединедегі мектепте қазақ баласы баспалдақтан құлап, қаза тапты - БАҚ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мединедегі мектепте қазақ оқушысы баспалдақтан құлап, қаза тапты, деп хабарлайды gdnonline.com.
None
None

Мұхаммед аль-Кушайри діни оқу орнының бастауыш мектеп оқушысы  Ахмед Нұр баспалдақтан құлап, басынан алған жарақатының салдарынан көз жұмды.

Камерадағы видеотаспаға мұғалімнің оқушылармен сөйлесіп тұрған кезінде оқушының баспалдақтың таянышына шығып, құлап кеткен сәті түсіп қалған.

Ғаламторда жарияланған бұл көрініс қолданушылардың ашу-ызасын келтірді. Олардың айтуынша, баспалдақ таяныштары оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жеткілікті дәрежеде биік емес.  

Медине бас білім беру басқармасы қолданушылардың сынына жауап бере отырып, Сауд Арабиясында осындай үлгідегі ғимараттардың ресми түрде бекітілгендігін хабарлады.

Мектепте қайғылы жағдайда қаза тапқан қазақ оқушысының тергеуі туралы есеп таяу арада жарияланады, деп хабарлады Медине білім беру басқармасы. 

Соңғы жаңалықтар