Медициналық бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM – Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен Лаурра Ахметнияз  ведомствоның Медициналық бақылау комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Медициналық бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Фото: Үкімет

1971 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын бітірген.

Еңбек жолын 1993 жылы Шымкент қаласындағы «Фосфор» МСБ-да учаскелік терапевт болып бастаған.

1997–2000 жылдары — ОҚО Медициналық сақтандыру қорының «Денсаулық» РМКК бас маманы.

2000–2005 жылдары — ОҚО Денсаулық сақтау басқармасының бас маманы.

2005–2006 жылдары — Медициналық қызметтердің сапасын бақылау комитеті Ақмола облыстық басқармасының бөлім бастығы.

2006–2008 жылдары — ҚР ДСМ Медициналық қызметтердің сапасын бақылау комитетінің бөлім бастығы.

2008–2009 жылдары — «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ-ның сапа менеджері.

2009–2010 жылдары — ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау Комитеті басқармасының бастығы.

2010–2011 жылдары — Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары.

2011–2013 жылдары — ҚР ДСМ Стратегиялық даму департаменті директорының орынбасары.

2013–2014 жылдары — ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің төрағасы.

2014–2017 жылдары — ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Стратегиялық даму департаменті директорының орынбасары.

2017–2018 жылдары — ҚР ДСМ медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры.

2018–2019 жылдары — ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті төрағасының орынбасары.

2019–2020 жылдары — ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары.

2020–2024 жылдары — ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары.

2024 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ДСМ Стратегия және даму департаментінің директоры қызметін атқарды.