Медициналық сақтандыруды жұмыссыз қалғанда сақтап қалуға бола ма

АЛМАТЫ. KAZINFORM — 2026 жылдан бастап МӘМС жүйесіне кемі 5 жыл бойы тұрақты жарна төлеген азаматтардың мәртебесі төлем уақытша тоқтаған жағдайда 6 ай бойы сақталады.

МӘМС
Коллаж: Kazinform/Freepik

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Алматы қалалық филиалының мәліметінше, мұндай өзгерістер «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңға енгізілді. Келесі жылдан бастап МӘМС жүйесіне кемінде 5 жыл қатарынан жарна төлеген адамдар жұмыссыз қалса да, жарты жыл тегін медициналық қызмет ала алады.

— Бұл өзгерістер жұмысынан айырылған немесе уақытша қаржылық қиындықтарға тап болған тұрғындардың медициналық көмектен қағылмауын қамтамасыз етеді. Бірақ табыс тұрақтанғаннан кейін төленбеген айлар үшін берешекті өтеу қажет болмақ, — деді МСҚ Алматы қалалық филиалының директоры Ілияс Мұхамеджан.

Қазір қолданыстағы нормаға сәйкес, төлемдер тоқтаған жағдайда сақтандырылған мәртебесі 3 ай сақталады.

Еске салайық, бұған дейін МӘМС бойынша жеке клиникаларда қандай жағдайда қаралуға болатынын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар