Медсақтандыру қорына республикалық бюджеттен 1,3 трлн теңге бөлінген

АСТАНА. KAZINFORM – Қаржы министрі Мәди Такиев Үкімет отырысында республикалық бюджеттің қалай жұмсалып жатқанын баяндады.

медстрахование врачи медицина
Фото: freepik

«Республикалық бюджеттің шығыс бөлігі 16,7 трлн теңге болды. Атап өту керек, мұнда әлеуметтік бағыттың басымдығы сақталып қалды. Мемлекет негізгі әлеуметтік міндеттемелерді орындады.

Мәселен, зейнетақы мен жәрдемақыға 4 трлн теңге, өңірлер сұратқан субвенцияларға 4 трлн теңге, міндетті медициналық сақтандыру қорына 1,3 трлн теңге бағытталды», — деді ведомство басшысы.

Ал әкімдіктердің бюджетінде шығыстар көлемі 10,1 трлн теңге болған. Оның ішінде әлеуметтік салаға 5 трлн 182 млрд теңге жұмсалған. Бұл жалпы шығыстардың 51,2%-ы деген сөз.

«Сонымен қатар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына 1 трлн 380 млрд теңге, ауыл шаруашылығына 602 млрд теңге, көлік және коммуникация саласына 918 млрд теңге жұмсалған», - деді Қаржы министрі.