Медведев Франция парламенті депутаттарының алдында сөз сөйлейді

АСТАНА. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат - Францияда мемлекеттік сапарда жүрген Ресей Президенті Дмитрий Медведев бүгін екі елдің іскер топтары өкілдерінің алдында сөз сөйлеп, олардың сұрақтарына жауап қайтарады,

Медведев Франция парламенті депутаттарының алдында сөз сөйлейді

деп хабарлады «Маяк» радиосы.

Ол сондай-ақ Франция парламентінің депутаттарымен кездеседі және Луврдегі «Қасиетті Русь» көрмесінде болады. Оның ашылуымен Франциядағы Ресей жылы басталмақ.