Медведев пен Янукович Харьковте кездеседі
АСТАНА. Сәуірдің 19-ы. ҚазАқпарат - Ресей мен Украина президенттері Дмитрий Медведев пен Виктор Януковичтің таяудағы кездесуі Харьковте, сәуірдің 21-інде өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Осы елге жұмыс сапары кезінде Дмитрий Медведев украиндық әріптесімен Ресей мен Украина қарым-қатынастарының бүкіл кешенді аумағында маңызы зор аймақаралық ынтымақтастықтың жағдайы мен келешегін талқылайды.
Кремль баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, ИТАР-ТАСС агенттігі Ресей мемлекет басшысының жұмыс сапары кезіндегі Украина президенті Виктор Януковичпен келіссөздерде түрлі салалардағы ресейлік-украиндық өзара ықпалдастықтың бірқатар мейлінше көкейкесті мәселелері талқыланады деп жоспарлануда.